"Вертер синдромы" (Sindromul werther)
"Вертер синдромы" (Sindromul werther)

Айтпайын десем, ішіме симай барады. Бұқаралық ақпарат құралдарына үндеу.

Нәрестелердің ойдан-қырдан, қоқыс арасы, әжетханадан көп табылуына қатысты айтарым бар еді. Социология ғылымында "Вертер синдромы" (Sindromul werther) деген бар. Бұл синдром бойынша, бір рет жасалған жауыздық актісі ақпарат құралдарынан кеңінен айтылып, жазылып, көрсетіле берсе, бұл қаніпезер әрекет домино әдісімен елдің әр қиырынан қылаң беріп, ұласпалыға айналады. Мәселен, өзіне-өзі қол салу әрекеті.

Америкалық социологтардың айтуынша, ақпарат құралдары суицидтті жаппай жүртшылықтың қаперіне сала беріп, есіне түсіре берсе, бұл өзіне қол салу әрекеттерін одан сайын маздатып, өршітіп, ушықтырып алу қаупі жоғары. Өйткені, өмірімен қош айтысуға оқталып жүрген адам, теледидардан өзі сияқты суицид жасаған бейбақтарды көргенде өзін-өзі ақтай бастайды. Яғни, "мен ғана емес екем, мен сияқты өмірмен қоштасқысы келетін адамдар көп екен ғой" деген сияқты кереғар ойлармен өзін жұбата бастайды.

Мұны айтып отырған себебім, соңғы кездері ақпарат құралдарында қызыл шақа тастандыларын лақтырып кеткен "көкек аналар" туралы ақпарат ел ішін кеулеп кетті. Тараздағы екі оқиға аздай, Алматы облысындағы тағы бір тастанды бала жағамызды ұстатты. Мұндай оқиғаның жиілеуіне ақпарат құралдарының шектен тыс әсіресенсацияшыл өрекпіген ниеттерінің де кінәсі бар деп айтар ем. Өйткені, журналистер көп айта берген сайын құлақ та, көз де, ауыз да үйренеді, бойымыз да үйреніп кеткенін байқамай қаламыз.

Сондықтан лажы болса, мұндай қайғылы тақырыптарды жіті назарға іліктіріп, соған екпін қойып, маздата беру орнына барынша шектеп, тіпті, тиым салса да артық емес деп санаймын. Үндеуіме ақпарат құралдарының құлақ асқанын қалаймын.

Нақты мысал, 80-ші жылдары Аустрияда метрода өзін-өзі өлтірген әрекеттер көбейіп кеткен. Сонда бұл келеңсіздік ақпарат құралдарының басты тақырыбына айгалады. Жергілікті билік ақпарат құралдарына бұл тақырыпқа шектеу қоюға үндеу тастағаны сол екен, көбісі құп алған екен. Нәтижесінде көп ұзамай-ақ Аустриядағы метрода суицид статистикасы едәуір азайған.

 

Материал Қанат Әуесбайдың Фейсбуктағы парақшасынан алынды.

B. KeneskyzyB. Keneskyzy
9 лет назад 13064
8 комментариев
  • Осы мәселені кім көтереді деп жүр едім, Қанат ағамызға Алла разы болсын, жақсылап түсіндіріпті.
    9 лет назад
  • рахмет
    9 лет назад
  • Өте дұрыс айтылған. Қазір бізге одан да тереңірек ойлану керек. Жетім балаларды жебеп, қызық қуып жүріп жүкті болып жүк арқалап қалғандай күйдегі жас аналарды демеу орталығын салып, көкек аналарға шақалақ ұя салып біз ешқашан бұл мәселені шеше алмаймыз. Бәрі бесіктен басталу керек. Ұл мен қыздың бей берекет жүрісіне қатаң бақылау болу керек.

    Студент кезімде жатақханада тұрдым сол кезде ұл мен қыздың бөлмесі бір секцияда жапсарласып қатар тұра беретін қай уақытта кіріп шығам, қонам десе де шектеу жоқ тек екі жақтың ШАЙТАН ҮРЛЕГЕН КӨҢІЛ ҚАЛАУЫ болса болды. Қаншама қаракөз қыздардың махаббат деп, жүреміз жігітім деп бөтен еркектің қойнында жатқанын көз көріп, құлақ естіп жүрді. Батыстық дертті түсінікпен өлшесең бәрі орынды тәрізді бағаланатын. Түнгі клубтарда қанша қазақ қыздары мен бозбалалар ойсыз сайран салып жүр. Бүлінушіліктің жоғарғы шегіне дейін өзіміз еркін жіберіп қойып, сосын ол жетесіз қайдан шықты деп бір бірімізге қараймыз. Келін дұрыс емес деп жағамызды ұстаймыз. Тастандыға тасадан өлең арнап жанашыр боламыз, жаһанға жарнамалап әдемі хабар жасағанымызға масаттанамыз, құлаш-құлаш ақылды аңыратамыз. СОНЫМЕН БОЛДЫ.

    Біздің қоғамға үлкен реформа керек. Әсіресе ТӘРБИЕ ТЫЛСЫМДАРЫН АЛЛАЛЫҚ, ҰЛТТЫҚ РУХАНИ НЕГІЗДЕ ҚАЙТА ТІРІЛТЕТІН ТЕГЕУРІНДІ ӨЗГЕРІС КЕРЕК.

    Өрт ошағын сөндірмей жалынды қуалағанмен, түтінге тұншығып өз айналамызды ғана тұмшалағанмен іс бітпейді. Ұлт болып өзіңдікін өзімдікі деп өгіз қара күш салып, ел болып ес жинайтын кезең келді. Біз қашанда қазаққа қатысты жанашырлықтан туған жақсы ойды өзге халықтың ұстанымымен өлшеп бөгеп қоямыз.

    Сөзден іске өтетін уақыт келді, бәлки ол да қолдан сусып барады. Бірақ бір серпілуге кеш емес.

    Өз студенттеріме бір сабақтың 10-15 минутын бөліп рухани, отаншылдық сипаттағы ойларымды жеткізіп талқылап отырамын. Орынсыз ыржаң мен болымсыз қылжаңға тізгін беріп отырған талайлар жуасып көзінде әлдеқандай ұшқын пайда болып жалт-жұлт ете қалады.
    Бір студентім сіз сияқты адамдар осылай бізге көбірек айтып бағыт бағдар беріп дұрыс жол көрсетіп отырса, мен естігенімді жақындарыма, достарыма айтам сөйтіп біртіндеп қарамыз көбейіп, түзеліп кетеміз ғой дейді. Ол қыздың жанарына қарасам жігер мен жеңілген рухтың арасында тайталасқан ұшқынды анық көрдім. дауыс ырғағында ащы өксіктің лебі есіп тұрды. Бұл нені білдіреді жастардың жақсылыққа деген сұранысы бар, бірақ оның шетелдік экспанциялық ақпарат басып тұр. Ол жастарды яғни ұлтымызды, мемлекетімізді құтқаратын ҚУАТТЫ ӨЗГЕРІС, ЖАҢА КӨЗҚАРАС ПЕН ҰСТАНЫМ, ЕҢ БАСТЫСЫ НАҚТЫЛЫ ШЕШІМДІ ТІРЛІК КЕРЕК.

    ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ҰЛЫ МҰРАЛАРЫН ШЫНАЙЫ ИГІЛІККЕ ЖАРАТУ КЕРЕК. ЯҒНИ, ҚҰРАНДЫ ТӨРГЕ ІЛІП ҚОЙМАЙ ОНЫ ОҚЫП СОҒАН АМАЛ ЕТУ КЕРЕК, АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢІН ЖАТТАП АЛЫП САХНАДА САҢҚЫЛДАП АЙТУМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ ОНЫ ТІКЕЛЕЙ ТӘРБИЕ ҮРДІСІНЕ ЖҮЙЕЛІ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕКПІЗ.
    ОЛ ҮШІН ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕСІНЕ ӨЗГЕ ҰЛТТЫҢ ТАНЫМ ТҮСІНІГІН КЕДЕРГІ ҚЫЛМАУЫМЫЗ КЕРЕК. ӘСІЛІНДЕ ОЛАР ЕШТЕҢЕ ДЕМЕЙДІ БІЗ КӨЛЕҢКЕМІЗДЕН ҚОРҚЫП, ҚОРЫҚПАЙТЫН НӘРСЕДЕН ҚОРҚАМЫЗ.
    9 лет назад
    • Сіздің сөзіңізге 100 пайыз қосыламын. Негізінен мұғалімдер де сабақ соңынан 5-10 минутын тәрбиеге арнаса, студенттің немесе оқушылардың ойында қалар еді. Өзім де солай жасап жүрмін. Бірақ жастарды үркітіп алмай, дұрыстап жеткізу керек.
      9 лет назад
    • Тастандыға тасадан өлең арнап жанашыр боламыз деген сөзім арқылы осы оқиғаларға ет жүрегі езіліп жүректен шыққан ойлы өлеңдері арқылы тас жүректерді жібітсем екен деген ақын аға бауырларымыздың ақ ниетіне тас атып тұрғам жоқ. Айтпағым жұрт болып жұмылып, үлкен істерге мұрындық болып үлкен қасіреттің алды нақтылы әрекеттермен тоқтатсақ дегенім.
      9 лет назад
  • 90- жылдарда әке-шешесі қап арқалап жүргенде тәрбиеден кеткен олқылықтар ашылып жатыр.
    ‪#‎тастандыбалалар‬
    9 лет назад

  • Негізі кеңестің кері саясаттың аяқтан өткен ызғары енді басқа шығып шайқалып жүрміз. Бастан кетіп жатыр көп адам. Басы болса баласына хайуаннан бетер жауыздық қылмайды ғой. Үлкен адамдар елін тоз-тоз қылып тонамайды ғой.
    Соңғы жылдары дін мамандары қоғамға белгілі бір деңгейде жаңа леп әкелуде. Біздің жалғыз үмітіміз сол Алланың жарық сәулесі. Ең өкініштісі діни тәрбие екінші кезекте болмаса оған мүлде орын жоқ. Біз Жаратқанның емес жаратылғандардың адасқан жаратылыстарына қарай ыңғайланып әрекет қылып келеміз. СОНДЫҚТАН ҰЛЫ ТӘРБИЕШІНІҢ ҰЛЫ НАСИХАТ, ТАЛҚЫЛАНБАС ӘМІР КІТАБЫ ҚҰРАН КӘРІМ БАРЛЫҚ ТІРЛІГІМІЗДЕ НЕГІЗГІ ТЕМІРҚАЗЫҒЫМЫЗ БОЛУЫ КЕРЕК. ӘСІЛІНДЕ СОЛАЙ БОЛҒАНДА ҒАНА ШЫНАЙЫ БАҚЫТҚА ЖЕТЕМІЗ.


    9 лет назад
  • Қанат бауырым өте өзекті тақырыпты түсінікті етіп түсіндіріпті. Алла разы болсын Қанат бауырым!
    9 лет назад
О блоге
0
7612 15 30 7 16